Негізгі бет| Менің профилім| Тіркелу| Шығу| Кіру Дүйсенбі, 13.05.2024, 04:51                                    Сіз Қонақ ретінде кірдіңіз | Топ "Қонақтар" Қош келдің Қонақ | RSS
Сайт мәзірі
Тіркеу формасы
Іздеу...
Күн парақ
«  Мамыр 2024  »
ДбСсСрБбЖмСбЖб
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Статистика

Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!

«Жалын»

оқушылар ұйымы






Қарауыл гимназиясының «Жалын» оқушылар ұйымының жарғысы

 

І. Жалпы білім.

1.1. «Жалын» оқушылар ұйымы 1998 жылы 16 желтоқсанда ұлттық адамгершілік тағылымдарды және Абайдың педагогикалық көзқарастарын ұрпақ бойына сіңіре отырып, егемен еліміздің болашақ білімді, саналы, салауатты азаматтарын қалыптастыруды мақсат етіп, оқушылардың өзін-өзі басқару принципінде құрылды.

1.2. «Жалын» оқушылар ұйымы өз қызметінде « Қазақстан Республикасы Конституциясы», «Білім туралы», «Тіл туралы» және гимназия туралы типтік ережелерді және гимназияны басқа да сабақтас заңды актілерін басшылыққа алады.

1.3. Ұйымға гимназияда оқып, тәрбиеленетін әрбір оқушы мүше бола алады. Гимназияға 1-сыныпқа қабылданған және басқа мектептен ауысып келген оқушыларды ұйымға мүшелікке қабылдау рәсімдері өткізіледі.

1.4. «Жалын» оқушылар ұйымының қызметі төмендегіге бағытталған:

- Гимназияда тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқаруына қол жеткізу.

- Тәрбиеленушілердің позициясын қалыптастырып, қоғамдық белсенділігін арттыру.

- Гимназияда білім алушылардың салауатты өмірін қалыптастыру.

- Гимназиядағы оқу-тәрбие ісіне, яғни, тәрбиеленушілердің сапалы білім алуына, өзін-өзі саналы тәрбиелеуге ықпал ету.

- Жеке тұлған,азамат қалыптастырып, патриотизмге, азаматтыққа, еңбек сүйгіштікке, тәрбиеленушілер құқығын құрметтеуге, бауырмалдыққа, қоршаған ортан мен гимназияны сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

         1.5 «Жалын» оқушылар ұйымы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді.

         1.6 Ұйымның жұмысын басқару мен жүргізу демократиялық сипатта жариялну арқылы жүзеге асады.

ІІ. Ұйымның жұмысын ұйымдастыру.

2.1. «Жалын» оқушылар ұйымының ең жоғарғы орган-жалпы оқушылар конференциясы. Ол оқу жылы ішінде 2 рет болады.

 

Конференцияда:

- Ұйымның жылдық жұмысының есебі тыңдалады.

- Ұйымның басқару органы сайланып, басқа да ұйымдық мәселелер қаралады.

- Ұйымның жұмысын жетілдіруге байланысты ұйымның жарғысына толықтырулар мен өзгерістер  енгізу туралы шешімдер қабылданады.

- Конференцияда гимназиядағы  оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасалуы мүмкін.

2.2. Оқу жылы басындағы конференцияда оқушылардың дауыс беруімен «Балдырғандар», «Ұландар», және «Болашақ» мектептеріндегі оқушыларынан оқушылар комитеті жасақталады.

2.3. Оқушылар комитеті құрамынан оқушылар ұйымының вице-президенті және «Балдырғандар», «Ұландар» және «Болашақ» мектептерінің жетекшілері сайланады.

2.4. Оқушылар комитеті айына бір рет отырыс өткізеді. Комитет отырысында:

- Тәрбиеленуші гиназисттердің оқу үлгерімі мен білім сапасы.

- Оқушылардың сабаққа қатысы мен жеке бас тәрбиесі, тәртібі.

- Оқушылардың тазалығы мен денсаулығы.

- Оқушылардың бос уақыттары мен демалыс уақыттарын, еңбегін ұйымдастыру мен спорттық физкультуралықшаралары.

- Оқушылардың мәдени көпшілік, қоғамдық жұмыстарға қатысы.

- Ұйымның ішкі одақтық жұмысы.

- Жекелеме топтардың жетекшілері мен жекелеме сынып старосталарының, комитет мүшелерінің есептерін тыңдау сияқты мәселелерді күн тәртібіне қойып талқылайды.

2.5. Оқушылардың комитеті жанынан Зерек, Салауат, Қамқор және Мәдениет топтары құрылып, жұмыс жасайды.Топ мүшелері аптасына 1рет бас қосып, отырыс өткізеді. Әр топ өз жоспарымен жұмыстар ұйымдастырады. Топ отырысында:

- Оқу үлгерімі, оқушылардың сабаққа қатысы,тазалық, денсаулық, мәдени көпшілік, қоғамдық жұмыстар, жекелеме оқушылармен жұмыс және олардың жауапкершілігі т.б мәселелерді қарап талқылайды. Қорытындысын шығарып, жариялығын қамтамасыз етеді. Хаттамалар жасайды.

2.7. Топтардың әр сала бойынша талдау жұмыстарының қорытындысына сәйкес жеңімпаздар анықталып, арнайы ауыспалы вымпельдер мне белгілер отырылады. Ол үшін жеңімпаздарға берілетін вымпельдердің ережелері жасалып, оны оқушылар комитеті бекітеді.

2.8. Әр топқа гимназия мұғалімдеріне консультанттар бекітіледі.

2.9. «Жалын» оқушылар ұйымының құрылтайшысы Қарауыл гимназиясының педагогикалық ұжымы болып табылады.

 

ІІІ.  Оқушылар ұйымының міндеттері мен құқықтары.

3.1. Оқушылар ұйымы:

- Гимназиядағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бүкіл білім алушылардың араласуына ықпал етеді.

- Гимназиядағы тәрбиелеушілердің демократияық принципін сақтап, қалыптастырады.

- Оқушылардың білімді мемлекеттік стандартқа  сай менгеруіне, адамгершілік тәрбиеге дейін жауапкершіліктерін көтеруге ат салысады.

- Тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтын қалыптастырады.

- Білім алушылардың өмірге, қоғамға, еңбекті сүюге, адам мен адамзаттық мұраларды қастерлей білуге және туған елі мен табиғатты қорғай білуге деген көзқарастарын қалыптастырады. Және оған міндетті.

3.2. Оқушылар ұйымы:

- Гимназия жарғысының тәрбиеленушілерге қатысты бөлімдеріне заңдық актілерге қайшы келмейтіндей өзгерістер еңгізу жөнінде ұсыныстар жасауға;

- Гимназияны басқару ісіне араласуға, мектеп кеңесіне оқушылар кандидатуралары туралы ұсыныс жасауға;

- Оқу-тәрбиесіне қатысты шаралар ұйымдастырғанда гимназияның бұйымдары мен мүліктерін пайдалануға;

- Ұйым мүшелерінің адамгершілік ар-ожданын құрметтеуін талап етуге,өз ой-пікірлерін еркін жүргізуге;

- Оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастыруларына қатысты мәселелер мен гимназияны басқаруға қатысты мәселелер жөнінде жоғарғы атқарушы өкімет органдары мен құрылтайшыларға өз ұсыныс - пікірлерін білдіруге;

-Ұйымның жұмысы мен атқарылып жатқан істері жөнінде аудандық, облыстық және республикалық баспа беттеріне ақпараттар мен мақалалар жариялауға;

-Тәрбиеленушілердің мінез- құлқы мен оқу үлгерімі жөнінде оны ата-анасына ескертпелер жасауға;

-Гимназия бойынша «Жыл сыныбы», «Жыл оқушысы» т.с.с дәрежелерді анықтау кезінде өз ұсыныстарын жасауға;

-Қабылданған заңды шешімдердің ұйым мүшелер тарапынан орындалуын талап етуге;

-Ұйым мүшелеріне мадақтау және жазалау шараларын қолдануға құқылы.

 

IV. Оқушылар ұйымы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

4.1. Оқушылар ұйымының мүшелері:

- Әрекеттері гимназия жарғысына қайшы келмейтін клубтар, секция, студиялар, ассосациялар құруына немесе аудан көлемінде құрылған осындай бірлестіктердің қатысуына құқылы.

- Гимназия әкімшілігі мен педагогтарынан өздеріне қажетті немесе қызықтырған оқу-тәрбие процесі жөнінде түрлі ақпараттар алуға құқылы.

4.2. Оқушылар ұйымының мүшелері :

- Ұйым дәстүрлерін құрметтеуге;

- Ұйым мүшелері бір бірінің құқын , ар-ожданының мәртебесін құрметтеуге, ұжым мүшелерінің және гимназия қызметкерлерінің мәртебесіне ңұқсан келтірмеуге;

- Жоғары топтағылар төменгі орындағы оқушыларды толғандырған, қиындық туғызған жағдаяттардың дұрыс шешімін табуына көмектесуге міндетті;

- Гимназиядағы қоғамдық тәртіпті аяқтауға, темекі және түрлі наркотикалық, зиянды, спирттік заттарды мүлдем тұтынбауға, салауатты өмір салтын ұстануға міндетті;

- Гимназиядағы электр энергиясын, суды үнемді пайдалану үшін көрсетуде, жылулық режимнің дұрыс сақталуына көмектесуіне міндетті;

- Гимназияда және одан тыс қоғамдық орындарда мәдениетті өмір салтын ұстануға міндетті.

              

V. Оқушылар ұйымын басқару.

5.1. Ұйым жұмысын конференцияда сайланған оқушылар комитеті өз жұмысын оқу жылына арналған жұмыс жоспары арқылы жүзеге асыруда;

5.2. Оқушылар комитеті жалпы оқушылар конференциясының күн тәртіптері мен оқу мерзімін белгілейді;

5.3. Оқушылар ұйымының жұмысы мен оқушылар комитетіне оқушылар ұйымының президенті басшылық жасайды;

5.4. Оқушылар ұйымының президенті жалпы оқушылар конференциясында ашық дауыспен сайланады.Президент сайлауы баламалы түрде өтіп, үміткерлер конференцияға өз платформаларын ұсынады;

5.5. Өзін-өзі басқару күнінде президент директор болып жұмыс жасайды.

 

VІ. Оқушылар ұйымын қайта құру және тарату.

6.1. Оқушылар ұйымын қайта құру, құрылымын өзгерту және тарату жөніндегі мәселені жалпы оқушылар конференциясы шешеді;

6.2. Оқушылар конференциясы шешімі – оған ұйым мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысып, олардың елу пайыхдан астамы жақтап дауыс бергенде ғана заңды деп табылады.

6.3. Оқушылар ұйымының жұмысы ерекше жағдайда оның құрылтай шысының шешімімен тоққтатылуы мүмкін.


 


 



 «Жалын»

оқушылар ұйымының басшылары


 


 

 

«Жалын» Республикалық құрылымының президентінің қабылдау анты

Мен___________________________________________ Жалын

Республикасының президенті болып сайлана отырып,ұйым мүшелерінің алдында:

Жалын оқушылар ұйымының Жарғысында көрсетілген барлық талаптарды орындауға;

Ұйымдағы өзін өзі басқару жүйесін жүзеге асыруда демократиялық қағидаларға сүйенуге;

Оқушылар ұжымында ұлттық тәлім-тәрбие,салт-дәстүр құндылықтарын пайдалануға;

Мемлекетіміздің білім тәрбие саясатына қатысты қаулыларының,заңдарының орындалуына ұйытқы болуға,қолдау көрсетіп,атсалысуға;

Гимназияда Қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыруға;

Оқушылар мен мұғалім-педагогтар,ата-аналар мен жұртшылық арасында ынтымақтастықты сақтауға және дамытуға;

Жалын Республикалық құрылымының беделін арттыруға;

Өзімнің тәртібім мен үздік оқуым арқылы ұйым мүшелеріне әрқашанда үлгі-өнеге болуға

АНТ ЕТЕМІН!!!


 

Фотоальбом



        Сауалнама
Сайтқа қандай материалдар қажет?
Барлық жауаптар: 300
        Мини-чат
 
200
         Ойын

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы© 2024
Китапбаева Нұргүл және Төлеуханұлы Рауан
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz