Негізгі бет| Менің профилім| Тіркелу| Шығу| Кіру Жексенбі, 19.05.2024, 11:54                                    Сіз Қонақ ретінде кірдіңіз | Топ "Қонақтар" Қош келдің Қонақ | RSS
Сайт мәзірі
Тіркеу формасы
Іздеу...
Күн парақ
«  Мамыр 2010  »
ДбСсСрБбЖмСбЖб
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Статистика

Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!
Негізгі » 2010 » Мамыр » 21 » Спорт – денсаулық кепілі
23:03
Спорт – денсаулық кепілі

http://art-apple.ru/albums/userpics/10001/illustration~0.jpg

«Спорт денсаулық кепілі». Бұл сөзді жалау еткен Қарауыл Гимназиясының футболдан құрама команда жеңістерге нық қадаммен жақындап келеді. Бұған дәлел жақында футболдан өткен аудандық жарыс. Абай ауданының бірнеше ауылдарынан келген азулы командалар қатысты. Ойынға қатысушылардың көптігінен командалар екіге бөлінді. Бірінші топ спорт мектебіне тиесілі стандионда ойнаса, екінші топ мұзайдында сайысқа түсті. Екі жақта да ойын тартысты әрі қызықты өтті. Искаков Таңат мұғалімнің қарауындағы Гимназия құрама командасы бапкер үмітін ақтап, ақтық финалға жолдама алды. Ширек финалда  сайысқа түскен біздің өрендер қарсылас Құндызды командасын 4-0 есебімен ойсырата ұтты. Әсіресе әдемі ойын өрнегімен Б.Ержан, М. Біржан көзге түсті. Екі ойыншы шабуылда жүріп көптеген голдардың авторы атанды. Қорғаушылар Б. Ұлан мен М. Нұрхат қарсы шабуылдың бетін қайтарып жарқын жеңісті жақындата түсті.

Ия, команданың ұйымшылдығының арқасында біздің футболшылар финалда Би Ата командасымен кездесті. Екі жақ та жеңіске ұмтылып, шынайы жан сала ойнады. Бірақ  алдыңғы қарқынынан қайтпаған Гимназия футболшылары Би Ата ауылын, 7-0 есебімен ұтып кетті. Ойын тартысты өткені сонша тіпті бізде европалық командалар додаға түскендей болды. Әлемге әйгілі Манчестер, Ливерпуль, Бавария ойыншыларының үрдісін жалғастырғандай әсерде қалды.

Сонымен қызулы, тартысты додада Қарауыл Гимназиясы І орын алып, Өскемен қаласына жарысқа бару мүмкіндігін қоса еншіленді. Футболшыларымызды әліде жарқын жеңістер биігінен көреміз деген сенімдеміз. Бұл жеңістерің Қазақ футболшыларының өрісінің кеңейтудегі үлестерін болғаны айғақ. Әлемдік додаларға қатысуға тілектеспіз.

Айтқали Қуат Рахатұлы


Қарап шыққандар: 14808 | Қосқан: Abaiski | Рейтингіі: 2.5/2
Барлық комментарийлер: 0
Регистрация жасалған қолданушылар ғана комментарий қоса алады.
[ Регистрация | Кіру ]
        Сауалнама
Сайтқа қандай материалдар қажет?
Барлық жауаптар: 300
        Мини-чат
 
200
         Ойын
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы© 2024
Китапбаева Нұргүл және Төлеуханұлы Рауан