Құрметті мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар! Сіздер бұл сайттың көмегімен гимназияның күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар болып, оқу процесі мен тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және ұстаздар құрамымен таныса аласыздар. Cондай-ақ сайттан басқа да көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар алуға мүмкіндік болады. Сайт ешкімді ұйымға, топқа бөлместен мектептің кез-келген оқушы, мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, олардың өмірлері мен үлгілі істерін көрсету мақсатында ашылып отыр. Для просмотра страниц сайта рекомендуем установить: Mozilla Firefox или Opera Вы изпользуете браузер |
«Спорт – денсаулық кепілі». Бұл сөзді жалау еткен Қарауыл Гимназиясының футболдан құрама
команда жеңістерге нық қадаммен жақындап келеді. Бұған дәлел жақында футболдан
өткен аудандық жарыс. Абай ауданының бірнеше ауылдарынан келген азулы
командалар қатысты. Ойынға қатысушылардың көптігінен командалар екіге бөлінді.
Бірінші топ спорт мектебіне тиесілі стандионда ойнаса, екінші топ мұзайдында
сайысқа түсті. Екі жақта да ойын тартысты әрі қызықты өтті. Искаков Таңат
мұғалімнің қарауындағы Гимназия құрама командасы бапкер үмітін ақтап, ақтық
финалға жолдама алды. Ширек финалда сайысқа түскен біздің өрендер қарсылас Құндызды
командасын 4-0 есебімен ойсырата ұтты. Әсіресе
әдемі ойын өрнегімен Б.Ержан, М. Біржан көзге түсті. Екі ойыншы шабуылда жүріп
көптеген голдардың авторы атанды. Қорғаушылар Б. Ұлан мен М. Нұрхат қарсы
шабуылдың бетін қайтарып жарқын жеңісті жақындата түсті. Ия, команданың ұйымшылдығының арқасында біздің футболшылар финалда Би Ата командасымен
кездесті. Екі жақ та жеңіске ұмтылып, шынайы жан сала ойнады. Бірақ алдыңғы қарқынынан қайтпаған Гимназия
футболшылары Би Ата ауылын, 7-0 есебімен ұтып кетті. Ойын тартысты өткені сонша
тіпті бізде европалық командалар додаға түскендей болды. Әлемге әйгілі
Манчестер, Ливерпуль, Бавария ойыншыларының үрдісін жалғастырғандай әсерде
қалды. Сонымен қызулы, тартысты додада Қарауыл Гимназиясы І орын алып, Өскемен қаласына жарысқа бару мүмкіндігін қоса еншіленді. Футболшыларымызды әліде жарқын жеңістер биігінен көреміз деген сенімдеміз. Бұл жеңістерің Қазақ футболшыларының өрісінің кеңейтудегі үлестерін болғаны айғақ. Әлемдік додаларға қатысуға тілектеспіз. Айтқали Қуат Рахатұлы |
15 тамыз күні салауатты өмір салтын қалыптастыруда Қарауыл Гимназиясының дене шынықтыру мұғалімдерінің Осы ойынға байланысты ойыннның жоспары жасалып, іс-шаралар өтті. Бұл ойын қатысқан Жарыс спорттың 8 түрінен өтті. Олар, эстафета, доппен жүгіру, әкесі 24 кг салмақта гир көтерді, нысана көздеу осы секілді спорт түрлерінен өтті. 1, 2, 3 орын алған жанұя командалары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. |
Қадірменді Соғыс ардагерлері!
Сіздерді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы, майдан далаларында Сіздер көрсеткен ерлік пен қайсарлық халық жадында мәңгілікке қала бермек. Біз фашизмге қарсы қанқұйлы соғыста ізгілік пен бейбітшілік мұраттары үшін елдің барлық халықтары бірлігінің, Жеңіске әрқайсымыздың қосқан жеке үлесіміз бен жаппай ұмытылуымыздың арқасында жеңіп шықтық. Сіздер сияқты қайсар ұрпақ өкілдері Отанға қалтықсыз қызмет етудің үлгісі бола отырып, өздерінің жауынгерлік еңбегімен біздің бүгінгі таңда жасампаз елде өмір сүруімізге, еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берді. Сіздер бүгінгі күні де өз үлгілеріңізбен жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезім мен Атамекенді лайықты қорғаудың қасиетті парызын тәрбиелеуді жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін шынайы ризамыз.
Сіздерге мықты денсаулық, береке мен бақыт тілейміз.
Барша халыққа бейбітшілік пен жарқын күндер серік болсын!
Қарауыл Гимназия ұжымы |
Құрметті Абайлықтар,
аудан қонақтары! Баршаңызды бүгінгі
Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің алдағы ондаған жылға
арналып жасалған стратегиясы
қазақстандықтардың ұлтаралық, дінаралық бірлігіне негізделіп жасалған
болатын. Бүгін біз елімізде тыныштық пен
ынтымақты сақтай алғанымызға шын мәнінде мақтана аламыз. Бұл деген - ең маңызды қол жеткен жетістік. Бүгінгі
жастардың алдында тұрған негізгі міндеттің бірі - елдегі татулық пен бірлікті, тыныштық пен бейбітшілікті сақтау
болмақ. Біз осы қасиетті достық пен бірліктің,
өзара келісімнің жылдан-жылға бекіп, халқымыздың келешегінің жарқын болатынына нық
сенімдеміз. |