Негізгі бет| Менің профилім| Тіркелу| Шығу| Кіру Жұма, 13.12.2024, 21:59                                    Сіз Қонақ ретінде кірдіңіз | Топ "Қонақтар" Қош келдің Қонақ | RSS
Сайт мәзірі
Тіркеу формасы
Іздеу...
Күн парақ
«  Желтоқсан 2024  »
ДбСсСрБбЖмСбЖб
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Статистика

Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!
Ақсұңқар
•    Гимназия жанынан ашылған М. Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындар сыныбы (жетекшісі Төлеген Жанғалиев) оқушыларының шығармашылық жұмыстары аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарияланып келеді. Жас ақындардың «Алқызыл желкен» жыр жинағы «Үш қиян» баспасынан ( Алматы 2004ж. ), «Қос қанат» жыр жинағы (2004 ж.) «Өскемен» баспасынан жарық көрді. Жас ақын Қуандықова Нұрсәуле балалар мен жасөспірімдер поэзиясының Бірінші Халықаралық «АКМАЯ-2007» фестивалінің жүлдегері атанып, өлеңдері «Әлем балалары үнімен» атты жыр жинағына енді.
•    Ақындар сыныбы оқушылары Байболов Бақытжан, Сағадиев Ұлан, Шеризатов Арман «Шығыс шамшырақтары» атты облыстық ақындар айтысының жүлдегерлері болды. Қазақстан телеарнасының «Аламан айтыс» жобасына қатысып, республика жұртшылығына танымал болды. 8- сынып оқушысы Мадина Ережепбаева Павлодар қаласында өткен ақындар мүшайрасында топ жарып бағалы сыйлыққа ие болды.
«Ақсұңқар» ақындар сыныбы  жетекшісі



             Жанғалиев Төлеген 1950 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. 1973 жылы Семей пединститутын, 1982 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1982-1999 жылдарда Абай аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, аудан әкімінің орынбасары болып істеген.

         Жыр топтамасы алғаш рет республика жас ақындарының "Қарлығаш”(1978), сонан соң "Сыр сапар” (1980) , "Тоғыз перне” (1981) атты ұжымдық жинақтары жарияланды. Баспалардан әр жылдары алты кітабы жарық көрді.
         Жас ақындардың республикалық "Жігер” фестивалінің (1978) , Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың ( 1996) лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.
         Қазір Қарауыл гимназиясы жанынан ашылған "Ақсұңқар” ақындар сыныбына жетекшілік етеді.  Бірнеше оқушысы Республикалық Абай оқуларының "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” атты номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленуде.
               Шығармалары: "Жүрегім сөйлеп тұрғанда”,"Шыңғыстау шындығы”, "Оңалған ойдың сәулесі”, "Біз жұмаққа бармаймыз”, "Атом мен ақын”, "Баба жайлы балладалар”.


Қарауыл гимназиясы жаиындагы Мерғали Ибраев атындағы ақындар сыныбының көрсеткіштері:

 

I. Республикалық байқаулар:

-Сағадиев Ұлан - 1999 жылы өткен I республикалық Абай оқуларындағы ақындар мүшайрасында бас жүлде (гран-при)

Құлбаева Әлия-2001  жылы өткен II республикалық Абай оқуларындағы ақындар мүшайрасында II орын

-Имантаев Айдос - 2002  жылы IV реcпубликалық Абай оқуларында III орын

-Байболов Бақытжан - 2002 жылы өткен III республикалық Абай оқуларындағы ақындар мүшайрасында III орын

-Құндызбаева Еңлік - 2004жылы V республикалық Абай оқуларында I орын

-Байтөсов Нұржан - 2005 жылы VI республикалық Абай оқуларында I орын

 -Алдажаров Мерей - 2006 жылғы VII республикалық Абай оқуларында II орын

-Шеризатов Арман - 2007 жылғы VIII республикалық Абай оқуларында II орын

- Ережепбаева Мадина - 2008 жылғы IX республикалық Абай оқуларында II орын

 II. Облыстық байқаулар:

-Жұмакүлбаева Жадыра  - 1998 жылы өткен облыстық ақындар айтысында III орын

-Имантаев Айдос - 2002 жылы өткен облыстық ақындар айтысында II орын

- Байболов Бақытжан - 2002 жылы өткен облыстық ақындар айтысында III орын

-Сагадиев Ұлан - 2005 жылы өткен облыстық ақындар айтысында II орын

-Имантаев Айдос - IX сынып оқушысы, республикалық «Ұлан» балалар газетінің штаттан тыс тілшісі, 2001 жылы дарынды оқушылар қатарында ҚР Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың қабылдауында болды. ҚР Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

-   Байтөсова Маржан-Ш орын

-  Битебаева Гүлдана - ІІ орын

Шығыс Қазақстан аймақтық Ғылыми -практикалық «Дарын» орталығы өткізген (2002 жылы, қараша) математика пәнінен «Малахит» олимпиадасының жүлдегерлері.

-Шеризатов Арман- 2008 жылы Өскеменде өткен «Шығыс шамшырақтары» оқушылар арасындағы ақындар айтысында II орын алды.

 

Ақсұңқардың түлектері





        Сауалнама
Сайтқа қандай материалдар қажет?
Барлық жауаптар: 301
        Мини-чат
 
200
         Ойын

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы© 2024
Китапбаева Нұргүл және Төлеуханұлы Рауан
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz