Қарауыл Гимназия оқушыларына арналған жалпы ережелер
Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары
адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға міндетті
1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді
жетілдір.
2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа
керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.
3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті
көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.
4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға
шамаң келгенше көмектес.
5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы
түрде болашақ мамандық таңдауға дайында.
Еңбек тәрбиесі бойынша
тапсырмаларды орындау
барысында қауіпсіздік
техника ережелерін қатаң сақта.
Өрт қауіпсіздігі, жол
ережелерін оқып, біл және сақта
6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына,
оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.
7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын
сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.
8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін
сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.
9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы
орынан келтіру керек;
10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған
немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;
11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз
кетуге болмайды;
12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе
ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;
13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен
айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне
дайында.
14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр
түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.
15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
16. Қоғамдық орындар мен
көшеде әдеп ережесін сақта.
17. Достарыңа адал болып,
мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;
18. Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына
көмектес.
19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің,
оқушылардың өзін өзі басқару
ұйымының талаптарын
белсенді қолдап, орында.
20. Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене
шынықтыру пәндерінің бекітілген
киім үлгісін қатаң
түрде сақта.
21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты
жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.
Оқушылардың
ережесі:
Үзіліс кезіндегі оқушының
міндеті:
·
Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту;
·
Мұғалімнің талаптарына бағыну;
·
Мұғалім ескертсе сыныптан шығу;
·
Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым
салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды,
басқа жерлерде еркін жүре алады;
·
Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің
рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды;
·
Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;
·
Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым
салынады;
·
Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған
жерлерде жүгіруге болмайды;
·
Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі;
Сабақ кезіндегі тәртіп:
· Мұғалім
сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады;
· Сабақ
кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен
әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек;
Оқушыға:
1. Мектептің күнделікті
ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/
2. Мектепке сай формасын
сақтамауға;
3. Спирттік ішімдіктер, темекі,
наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
4. Кешкі уақытта коғамдық
орындарда, көшеде жүруге;
5. Басқа оқушылардың
денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
6. Мектеп оқушылардың бағалы
заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);
7. Компьютерлік клубтар баруға
тиым салынады
Мектепке
1. Денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге қатаң тиым салынады