Айтқали Қуат Рахатұлы
Қарауыл гимназиясы жанындағы
Ақсұңқар ақындар сыныбының оқушысы.
Агент
Көп нәрсені оқымаймыз газеттен,
Даралар бар оқитұғын қажеттен.
Хатпен қазір сындырмассын қыздарды,
Бір сындырсаң сындырасың агентпен.
Бірінде бар, бірінде жоқ қуаныш,
Соткадағы агентке көп сұраныс.
Қарауылды түн жамылған сәттермен,
Басталады "движение" жаңа іс.
Кеш батқанда бір кіргенге құштарлы,
Жақсы жаман агенттің бар тұстары.
Елден қалып еңіреген ұяттау,
Бізде де бар версиялы үште - алт (3.6).
Маған тансық бұрындары аттары,
Контактіге қыздардағы қаптады.
Өлеңменен өкіртесін біреуін,
Әне біреу сынауға да шақ қалды.
Дегенменен ішінде бар сұлуым,
Мына менің бақытым да, жылуым.
Көрпе астында шабыттанып мұндайда,
Жүрек соғад үдетіп - ап шуылын.
Ол да мені смайликпен сындырат,
Ұялады, айта алмайды сызылат.
Қырсыққанда сотка өледі сол сәтте,
Аяқсыз боп агенттегі махаббат.
Мұны естіген, қыз сындырмай жатпасын,
Шын ғашықтар қазағымда қаптасын.
Дегенменен көз бояғыш расында,
Агенттегі махаббаттан сақтасын!
Лиза
Қайсабекова 5-сынып оқушысы
Білім берген – алтын ұя мектебім,
Білім алып, қанат қағып көктедім.
Анамыздай
жетелейтін шәкіртті,
Ұмытпаймын
білім нәрін сепкенін.
Мен де
ертең үлкен ғалым боламын,
Болашаққа
серпін қанат қағамын.
Қанаттанып,алтын
ұя мектептен,
Білімге мен
даңғыл жолды саламын!