Сен үшін ортада ерекше болып жүру маңызды ма?
1.
Сенің туған күніңде саған ұнайтын ұл (қыз) саған тосын сый жасайды,
сені еркелетеді, сенің әр тілегіңді бұлжытпай орындайды, сен бұған
қалай қарайсың?
а) сыйлыққа мәз-мейрам болып, еркелейсің;
б) саған қатты ұнайды;
с) сен өзіңді ыңғайсыз сезінесің.
2. Сенің құрбың сенімен дөрекі сөйлеседі. Сен әрекетің қандай болады?
а) өзіне келу үшін жеке қалдырамын;
б) ашық сөйлесемін;
с) не болғанын анықтауға тырысамын.
3. Сен емтиханды 5-ке тапсырдың. Қандай сезімде боласың?
а) мәз-мейрам болып, өз-өзіме риза боламын;
б) барлық күнімді жақсы өткіземін;
с) дем аламын.
4. Құрбың саған қоңырау шаламын деп уәде береді. Бірақ бірнеше күн өтсе де одан хабар жоқ. Сенің әрекетің?
а) өзім қоңырау шаламын. Мүмкін бір жағдай болып қалған шығар;
б) мән бермеймін;
с) уәдеде тұрмайтын адам деп ойлаймын.
5. Сеніңше «Шағын сыйлық» достықты күшейте ме?
а) бұл мүмкін емес;
б) иә. Баяғыда көзім жеткен;
с) маған мұндай сыйлықтар ұнайды, бастысы мұны міндет деп сезінбеу.
Ұпайыңды есепте!
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
А
|
1
|
2
|
3
|
2
|
3
|
Б
|
2
|
1
|
2
|
3
|
1
|
С
|
3
|
3
|
1
|
1
|
2
|
5-8 ұпай. Сен басқа адамның айтқанына көп мән бересің. Сен өзіңді бағаламайсын.
9-12 ұпай. Сен өзіңді жақсы бағалайсың. Сенің достарың сен қандай болсаң, солай қабылдайды. Сен еркелегенді жақсы көресің.
13-15 ұпай. Ортада ерекше болып жүру? Жоқ, тек бұл емес!