Ала
қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп
қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.
Ана қарға болса жан-жағына жалтақтай қарап:
-Балам, біздің жауларымыз көп... Сондықтан тамақ жегенде бір шоқып, төңірегіңе бір қарап ал, - деп ақыл айтыпты.
-«Сақтықта қорлық
жоқ», - апа. Өзің бір шоқып, жан-жағыңа екі қарай тұр,-деп бала қарға
жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, жан-жағына
екі қарайтын болыпты.
«Көркем әдебиет» хрестоматиясынан. |