«Спорт – денсаулықкепілі». Бұл сөзді жалау еткен Қарауыл Гимназиясының футболдан құрама
команда жеңістерге нық қадаммен жақындап келеді. Бұған дәлел жақында футболдан
өткен аудандық жарыс. Абай ауданының бірнеше ауылдарынан келген азулы
командалар қатысты. Ойынға қатысушылардың көптігінен командалар екіге бөлінді.
Бірінші топ спорт мектебіне тиесілі стандионда ойнаса, екінші топ мұзайдында
сайысқа түсті. Екі жақта да ойын тартысты әрі қызықты өтті. Искаков Таңат
мұғалімнің қарауындағы Гимназия құрама командасы бапкер үмітін ақтап, ақтық
финалға жолдама алды. Ширек финалда сайысқа түскен біздің өрендер қарсылас Құндызды
командасын 4-0 есебімен ойсырата ұтты. Әсіресе
әдемі ойын өрнегімен Б.Ержан, М. Біржан көзге түсті. Екі ойыншы шабуылда жүріп
көптеген голдардың авторы атанды. Қорғаушылар Б. Ұлан мен М. Нұрхат қарсы
шабуылдың бетін қайтарып жарқын жеңісті жақындата түсті.
Ия, команданың ұйымшылдығының арқасында біздің футболшылар финалда Би Ата командасымен
кездесті. Екі жақ та жеңіске ұмтылып, шынайы жан сала ойнады. Бірақалдыңғы қарқынынан қайтпаған Гимназия
футболшылары Би Ата ауылын, 7-0 есебімен ұтып кетті. Ойын тартысты өткені сонша
тіпті бізде европалық командалар додаға түскендей болды. Әлемге әйгілі
Манчестер, Ливерпуль, Бавария ойыншыларының үрдісін жалғастырғандай әсерде
қалды.
Сонымен қызулы, тартысты додада Қарауыл Гимназиясы І орын алып, Өскемен
қаласына жарысқа бару мүмкіндігін қоса еншіленді. Футболшыларымызды әліде жарқын
жеңістер биігінен көреміз деген сенімдеміз. Бұл жеңістерің Қазақ
футболшыларының өрісінің кеңейтудегі үлестерін болғаны айғақ. Әлемдік додаларға
қатысуға тілектеспіз.