Сіздерді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы, майдан далаларында Сіздер көрсеткен ерлік пен қайсарлық халық жадында мәңгілікке қала бермек. Біз фашизмге қарсы қанқұйлы соғыста ізгілік пен бейбітшілік мұраттары үшін елдің барлық халықтары бірлігінің, Жеңіске әрқайсымыздың қосқан жеке үлесіміз бен жаппай ұмытылуымыздың арқасында жеңіп шықтық. Сіздер сияқты қайсар ұрпақ өкілдері Отанға қалтықсыз қызмет етудің үлгісі бола отырып, өздерінің жауынгерлік еңбегімен біздің бүгінгі таңда жасампаз елде өмір сүруімізге, еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берді. Сіздер бүгінгі күні де өз үлгілеріңізбен жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезім мен Атамекенді лайықты қорғаудың қасиетті парызын тәрбиелеуді жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін шынайы ризамыз.
Сіздерге мықты денсаулық, береке мен бақыт тілейміз.
Барша халыққа бейбітшілік пен жарқын күндер серік болсын!
Баршаңызды бүгінгі
Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің алдағы ондаған жылға
арналып жасалған стратегиясы
қазақстандықтардың ұлтаралық, дінаралық бірлігіне негізделіп жасалған
болатын. Бүгін біз елімізде тыныштық пен
ынтымақты сақтай алғанымызға шын мәнінде мақтана аламыз. Бұл деген - ең маңызды қол жеткен жетістік. Бүгінгі
жастардың алдында тұрған негізгі міндеттің бірі - елдегі татулық пен бірлікті, тыныштық пен бейбітшілікті сақтау
болмақ.
Біз осы қасиетті достық пен бірліктің,
өзара келісімнің жылдан-жылға бекіп, халқымыздың келешегінің жарқын болатынына нық
сенімдеміз. ҚарауылГимназиясыныңұжымы, баршаңыздыбүгінгіҚазақстанхалқыныңбірлігікүніментағыдақұттықтаймыз! Дендеріңізге саулык, еңбектеріңізге табыс
тілейміз! Әрбір отбасында бірлік пен береке орнасын.