15 тамыз күні салауатты өмір салтын қалыптастыруда Қарауыл Гимназиясының дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастырумен "әкем, шешем және мен" - атты спорттық ойын жарысы өтті. 15 тамыз күні мәдениет үйінің спорт залында сағат 17.00 де басталды. Жарысты ұйымдастыру мен жалпы басшылықты мектеп мүдірі Қайырғазы Нұрлыбекұлы Дүрмекбай және тәрбие ісінің меңгерушісі Түсіпова Гауһар жүзеге асырды. Осы ойынға байланысты ойыннның жоспары жасалып, іс-шаралар өтті. Бұл ойын қатысқан командалар саны 4, құрамы 4 адам, ерлі зайыпты және 14 жастан аспаған ер бала немесе қыз бала қатысу керек, Қарауыл Гимназиясында оқитын оқушылар мен ата-аналары қатысты. Жарыс спорттың 8 түрінен өтті. Олар, эстафета, доппен жүгіру, әкесі 24 кг салмақта гир көтерді, нысана көздеу осы секілді спорт түрлерінен өтті. 1, 2, 3 орын алған жанұя командалары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
|