Қадірменді Соғыс ардагерлері!
Сіздерді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы, майдан далаларында Сіздер көрсеткен ерлік пен қайсарлық халық жадында мәңгілікке қала бермек. Біз фашизмге қарсы қанқұйлы соғыста ізгілік пен бейбітшілік мұраттары үшін елдің барлық халықтары бірлігінің, Жеңіске әрқайсымыздың қосқан жеке үлесіміз бен жаппай ұмытылуымыздың арқасында жеңіп шықтық. Сіздер сияқты қайсар ұрпақ өкілдері Отанға қалтықсыз қызмет етудің үлгісі бола отырып, өздерінің жауынгерлік еңбегімен біздің бүгінгі таңда жасампаз елде өмір сүруімізге, еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берді. Сіздер бүгінгі күні де өз үлгілеріңізбен жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезім мен Атамекенді лайықты қорғаудың қасиетті парызын тәрбиелеуді жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін шынайы ризамыз.
Сіздерге мықты денсаулық, береке мен бақыт тілейміз.
Барша халыққа бейбітшілік пен жарқын күндер серік болсын!
Қарауыл Гимназия ұжымы